Мангистауский областной центр СПИД доводит до сведения населения и гостей г.Актау и области.
В последнее время участились случай регистрации заболеваний ИППП (инфекции, передаваемые половым путем), в том числе ВИЧ/СПИДа среди уязвимой группы населения РС (работники секса).
Напоминаем клиентам, пользующихся услугами РС, о необходимости применения средств защиты при половых контактах.
Консультации по телефонам:
+7(729)250-40-49,
+7(729)234-12-58

ТЕЛЕФОНЫ ДОВЕРИЯ!

В ГКП на ПХВ «Мангистауский областной центр СПИД» работают «Телефоны доверия»:
+7(729)252–44–05
+7(729)250–40–49
В случае выявления факторов нарушения порядка оказания медицинской помощи на Ваши вопросы ответит Бисен Алмабек Конарбаевич.

Добро пожаловать на наш сайт!

ЖИТС Маңғыстау облыстық орталығы Ақтау қ. мен облыс халқы мен қонақтарының назарына мынаны жеткізеді.
Соңғы кездері ЖЖБЖ (жыныстық жолмен берілетін инфекция), оның ішінде халықтың осал топтары СҚ (секс қызметшілері) арасында АИТВ/ЖИТС ауруының тіркелген жағдайлары орын алды.
Қорғаныш құралдарын пайдалану қажеттілігі туралы СҚ қызметін пайдаланатын клиенттерінің естеріне саламыз.
Мына телефондар бойынша консультация алуға болады: 50-40-49, 34-12-58.


«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық Орталығы» ШЖҚ МКК қызметі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.09 жылғы №193-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен 25.12.2010 жылы № 08-3208/И келісілген және Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.12.2010ж., қаулысымен бекітілген, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыруға бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес және «АИТВ-жұқпасының болуына медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» ҚР ДМ 28.07.2010 ж. № 552 бұйрығына және «АИТВ-жұқпасының болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдарды медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 қаулысына сәйкес орындалуда.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс халқының арасында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі тұтынушылар) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылған. Стационарлы СП-де ақы төленетін 16 волонтер (2 – СҚ мен 14- ИЕТ) және 4-ИЕТ ақысыз.
Облыс бойынша ЖИТС МОО, АГП№1 АҚЕ, АГП№2, ОТВД, ОНД, Жаңаөзен қалалық емханасы, Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау аудандары ОАЕ базасында, психо-әлеуметтік кеңес берудің (бұдан әрі – ПӘК) 10 кабинеті жұмыс жасайды, онда ПӘК білікті мамандар жүргізеді. 2016 жылға ПӘК кабинеті арқылы – 52450 адам консультациядан өтті, диспансерлік көмекке - 1118 адам  қаралды.
Достық кабинетінде экспресс-тестілердің көмегімен АИТВ-ға – 576 секс қызметшісі, оның ішінде  202  ИЕТ, СҚ-350 және  жас өспірімдер 24 адам тестілеуден өтті.
Жылжымалы сенім пункті бойынша АИТВ-ға тестілеуден өткендердің саны стационарлы СП - 116 ИЕТ, аутрич қызметшілермен – 1825 ИЕТ, жылжымалы  СП бойынша – 92 ИЕТ.
АИТВ-ға тестілеуден өткендердің СҚ саны, тұрақты СП бойынша – 50 СҚ, жылжымалы пункт бойынша – 161 СҚ, аутрич қызметшілермен – 198 СҚ.
ЖИТС МОО мамандарымен күн сайын АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылады. Барлығы 63430 адам қамтылды, оның ішінде 130 орта мектеп – қамтылғаны 25800 оқушы, 24 АООО – қамтылғаны 15980 студент, 2 ЖОО – 3580 студент, 105 бизнес-құрылымдар – 3977  адамдар қамтылды және басқалары.
Осы жұмысты жүргізу үшін ақпараттық-білім беру материалдарын әзірленуі және дайындалуы қажет. 2016 жылға 23300 дана АБМ дайындалды. Барлық АБМ жалпы тұрғын халық пен инъекциялық есірткі тұтынушылар, секс қызметшілері, сотталғандар секілді, тұрғын халықтың осал жіктері арасында семинар-тренинг, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кештер, кездесулер, акциялар кезінде үлестіріліп беріледі.

Подробнее

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

08-11-2017

Ашық есік Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген акция!!!

                                       Ашық есік  Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген   акция 

          Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес Күніне  айлық қарсаңында  Ш. Есенов   атындағы Каспий  мемлекеттік технологиялар  және  инжиниринг  университетінің  базасында 2017 жылғы  7 қарашада «Ашық  есік  Күніне» «Өз денсаулығың-өз қолыңда» деген  тақырыпта  кең ауқымды   акция  өткізілді. Осы  акцияның  басты  мақсаты – бұл  инфекциялық  және  әлеуметтік  мәні  бар  аурулар  қаупінің  мінез-құлықтық факторларының   алдын  алу  мәселелері   жөнінде  жастарды   кеңінен хабардар  ету. Студенттер  мен  қызметкерлер № 2 АҚЕ  дәрігерлерінен,  гинекологтан, терівенерологтан, урологтан және  СӨСҚП ОО мамандарынан кеңестер  алды.
ЖИТС орталығының  мамандары  АИТВ-инфекциясы  және эпидемиологиялық  жағдай және  АИТВ-күйіне  тесті  алу  мүмкіндігі туралы  толық  ақпарат  алу  мүмкіндігін  жасады.
Акция  барысында  АИТВ-инфекциясына экспресс-тесті, артериялық қысымды  және  массаны  өлшеу аспаптары,  сондай-ақ   ақпараттық-ағарту материалдары  пайдаланылды.
ЖИТС орталығының  мамандарына  университеттің  37 студенті  мен  15  қызметкері  сұрақтармен жүгінді. Олар   АИТВ-ға экспресс-тестілеуден  өтті және  ақпараттық-білім беру  материалдарын  (АБМ) алды.
 
         
 
        


 
Подробнее

07-11-2017

ЖИТС Маңғыстау облыстық орталық мамандарымен Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы базасында ЖБҚ көрсеткіштерін жақсарту жөнінде семинар өткізілді

         
             Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Медицина  қызметкерлерін құқықтық қолдау» РҚҰ жәрдемдесу жөніндегі жобасы аясында,  Маңғыстау  облысының  Кәсіпкерлер  палатасы базасында  ірі және  орта бизнес басшылары  арасында  Елдердің жаһандық  бәсекеге қабілеттілік индексінің  көрсеткіштерін  жақсарту жөніндегі шаралары туралы семинар  өткізілді. ЖИТС облыстық орталығының маманы Д.Ж. Шадановамен «АИТВ-инфекциясының бизнесті жүргізуге әсері» және «Туберкулездің  бизнесті  жүргізуге  әсері»  деген  тақырыптағы  екі  өзекті  мәселе  қозғалды,  оған бизнес құрылымның 26 басшысы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының  өкілдері  қамтылды.
 
  



 
Подробнее

01-11-2017

ЖИТС Маңғыстау ОО –дағы "Н =Н" науқаны

        2017 жылдың 1 қарашасында ЖИТС Маңғыстау  облыстық  орталығының  мамандары арасында Шығыс Еуропа  мен Орталық Азия өңірінде бастау алған «Н=Н» («Анықталмайтын, яғни берілмейтін») «АРВ–терапиясын  қабылдайтын және оларда  вирусы  анықталмайтын  деңгейге  дейін  жойылатын  адамдардың инфекциясы басқа адамдарға берілмейді» деген тақырыптағы ақпараттық  науқанға сәйкес таныстыру жұмысы  өткізілді. ЖИТС Маңғыстау облыстық  орталығы осыған қосылды және тұрғын халықты да осыған қосылуға  шақырады. Оның негізгі  идеясы –  осыған барынша  адамдарды   көбірек  тарту   арқылы оларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (ВӨА) да өзінің  серіктесін жыныстық жолмен  жұқтырмай,  толыққанды әрі ұзақ  өмір  сүре  алатындығы  туралы ақпаратты жеткізу болып  табылады.
 
  
 
  


 
Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2016

Выявлено граждан РК

26

Выявлено иностранцы

6

Мужчины


69.2 %

Женщины


30.8 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

17-11-2017

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

15-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

10-11-2017

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

06-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

27-10-2017

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

20-10-2017

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

ХОТИТЕ ПРОЙТИ АНКЕТИРОВАНИЕ?

      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
   
                  
         
АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

© eline.kz 2017