Мемлекеттік рәміздер



Мангистауский областной центр СПИД доводит до сведения населения и гостей г.Актау и области.
В последнее время участились случай регистрации заболеваний ИППП (инфекции, передаваемые половым путем), в том числе ВИЧ/СПИДа среди уязвимой группы населения РС (работники секса).
Напоминаем клиентам, пользующихся услугами РС, о необходимости применения средств защиты при половых контактах.
Консультации по телефонам:
+7(7292)50-40-49,
+7(7292)34-12-58

ТЕЛЕФОНЫ ДОВЕРИЯ!

В ГКП на ПХВ «Мангистауский областной центр СПИД» работают «Телефоны доверия»:
+7(7292)50–40–49
В случае выявления факторов нарушения порядка оказания медицинской помощи на Ваши вопросы ответит Абраев Галымжан Токенович. +7(7292)52–44–05

Добро пожаловать на наш сайт!

 

«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес және «АИТВ-жұқпасының болуына медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» ҚР ДМ 28.07.2010 ж. № 552 бұйрығына және «АИТВ-жұқпасының болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдарды медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 қаулысына сәйкес орындалуда.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс халқының арасында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі тұтынушылар) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылған. Стационарлы СП-де ақы төленетін 20 волонтер (2 – СҚ мен 18- ИЕТ).
Облыс бойынша ЖИТС МОО, АГП№1 АҚЕ, АГП№2, ОТВД, ОНД, Жаңаөзен қалалық емханасы, Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау аудандары ОАЕ базасында, психо-әлеуметтік кеңес берудің (бұдан әрі – ПӘК) 10 кабинеті жұмыс жасайды, онда ПӘК білікті мамандар жүргізеді. 2017 жылға ПӘК кабинеті арқылы – 54639 адам консультациядан өтті, диспансерлік көмекке - 1182 адам  қаралды.
Достық кабинетінде экспресс-тестілердің көмегімен АИТВ-ға – 457 секс қызметшісі, оның ішінде  189  ИЕТ, СҚ-248 және  жас өспірімдер 19 адам тестілеуден өтті.
Жылжымалы сенім пункті бойынша АИТВ-ға тестілеуден өткендердің саны стационарлы СП - 71 ИЕТ, аутрич қызметшілермен – 2756 ИЕТ, жылжымалы  СП бойынша – 117 ИЕТ.
АИТВ-ға тестілеуден өткендердің СҚ саны, тұрақты СП бойынша – 53 СҚ, жылжымалы пункт бойынша – 201 СҚ, аутрич қызметшілермен – 250 СҚ.
ЖИТС МОО мамандарымен күн сайын АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылады. Барлығы 56792 адам қамтылды, оның ішінде 131 орта мектеп – қамтылғаны 28400 оқушы, 25 АООО – қамтылғаны 21778 студент, 2 ЖОО – 3589 студент, 190 бизнес-құрылымдар – 3025 адамдар қамтылды және басқалары.
Осы жұмысты жүргізу үшін ақпараттық-білім беру материалдарын әзірленуі және дайындалуы қажет. 2017 жылға 22995 дана АБМ дайындалды. Барлық АБМ жалпы тұрғын халық пен инъекциялық есірткі тұтынушылар, секс қызметшілері, сотталғандар секілді, тұрғын халықтың осал жіктері арасында семинар-тренинг, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кештер, кездесулер, акциялар кезінде үлестіріліп беріледі.

Подробнее

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

17-04-2018

АИТВ-инфекциясыз Қазақстан!

АИТВ-инфекциясыз Қазақстан!
 
Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы расталған, нақты ақпараттары жоқ адамдарға лайықталған азық-түлік тағамдары (банандар, тауық еті, шұжық, пепси және Қытай, Ливия мен т.б. елдерден әкелінген басқа да өнімдер) арқылы АИТВ-ның таралуы сияқты жалған, мағынасыз жіберілімдер (фэйктер, пранктер) СМС түрінде таратылуда.
 Өтініш, есте ұстаңыз:
 
АИТВ жұқпайды:
  • қол алысқанда
  • жөтелгенде, түшкіргенде
  • бассейн, монша, әжетханаға барғанда
  • жәндіктер шағып алғанда
  • достық сүйісулер арқылы
  • ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
  • үй жануарларымен қарым-қатынаста болғанда
  • азық-түлік арқылы
АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:
  • жыныстық — гетеросексуальды және гомосексуальды қатынастар кезінде
  • парентеральды  — қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда
  • перинатальды — анадан балаға — босануға дейін, босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңдерде
Жыныстық жолмен берілуі
Сақтану шараларынсыз (яғни, презервативсіз) өткен жыныстық қатынас дені сау серіктесіне індетті жұқтыру қауіпін тудырады.
Вирустың қан арқылы берілуі (парентеральді жол)
Егер жұқтырылған адам қанының жұғындысы бар аспаппен тері қабаты тұтастығын бұзып алған жағдайда жұғады. Ол инені, шприцтерді, сақал қырғышты қолдану кезінде, таңба енгізу барысында болуы мүмкін. Кез — келген стерилизациядан өткізбеген піскіш аспаптарды қолданған жағдайда, олар жұқтыру құралы болуы мүмкін. Жұқтырудың бұл жолы иньекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) үшін және кем дегенде бір реет есірткіні тамыр арқылы «лас» шприцпен енгізген жағдайда жұқтырудың жетекші жолы болып табылады.
Вирустың анадан балаға берілуі (перинатальды жол)
Вирустың берілуі анадан балаға жүктілік, босану (ана қаны арқылы жұғу) және көкіректен тамақтандыру кезінде (жұқтырған анадан дені сау балаға көкірек сүті арқылы да, жұқтырған баладан дені сау анаға көкірегін тістеу кезінде де) орын алады.
 
 
 
Подробнее

09-04-2018

Сенбілік серпінді өтті

Сенбілік серпінді өтті
 
Сәуір айына жоспарланған жаппай сенбілік, өңіріміздің барлық мекемелерінде өткізілуде. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  табиғатқа деген қамқорлық жұмысы Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында да апта сайын жүзеге асуда.
«Қоршаған ортаны таза ұстау және абаттандыру – әрбір адамның азаматтық борышы» деген ұстанымды нық ұстанған орталық қызметкерлері 3 шағынауданда орналасқан қызметтік ғимарат айналасын айнадай жарқыратып, тазалауда.
Тазалық жұмыстарынан бөлек, тал-шыбық пен желектің түбін қопсытып, ағаш діңіне құрт түспеуі үшін ақтау ісін қолға алды. Ғимараттың қоршауына, жаяу жүргіншілер жолының бардерларына, орталыққа келушілер күтетін орындықтарға өң беріп, сырлады.
Орталық сенбілік жұмыстарын «Тазалықтың қос айлығы» тәмамдалғанша жалғастыратын болады.


  

  



 
Подробнее

06-04-2018

«DamuMed» ұялы қосымшасы

Құрметті қала тұрғындары!

Енді DamuMed мобильді қосымшасын жүктеу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға, үйден шықпай рецепттер мен сынақ нәтижелерін алуға болады. 
 



 

Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2017

Выявлено граждан РК

27

Выявлено иностранцы

14

Мужчины


80.5 %

Женщины


19.5 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

18-05-2018

№ 14 Мақала "Туберкулез және ЖИТС"

№ 14 Мақала "Туберкулез және ЖИТС"

11-05-2018

№ 13 Мақала "Алдын алу – табыс кепілі"

№ 13 Мақала "Алдын алу – табыс кепілі"

04-05-2018

№ 12 Мақала "Пневмоцисттік өкпе қабынуы"

№ 12 Мақала "Пневмоцисттік өкпе қабынуы"

27-04-2018

№ 11 Мақала "АИТВ-инфекциясы және адам құқығы"

№ 11 Мақала "АИТВ-инфекциясы және адам құқығы"

20-04-2018

№ 10 Мақала "«В» және «С» гепатиттерін зертханалық диагностикалау"

№ 10 Мақала "«В» және «С» гепатиттерін зертханалық диагностикалау"

13-04-2018

№ 9 Мақала "АИТВ-кезіндегі цитомегаловирусы"

№ 9 Мақала "АИТВ-кезіндегі цитомегаловирусы"

ХОТИТЕ ПРОЙТИ АНКЕТИРОВАНИЕ?

      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
   
                  
         
АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.