Алдын алу жұмысы бөлімі:

                                                                    
 
Алдын алу жұмысы бөлімінің қызметі, мінез-құлықтық саулығының бастапқы алдын алуды ұйымдастыруға бағытталған. Бөлім «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың іс-шаралар Жоспарын, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1. Халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (теледидарлама, радио, баспасөз және жалпы халық арасында Интернет арқылы сайттар) АИТВ-инфекциясының таралу жолдары және жұқтыруды абайлатудың әдістері туралы хабардар ету;
2. Педагогтарды, мектеп оқушыларын, жоғары және арнайы орта білім беру оқу орындарының студенттерін оқытуды, оның ішінде арнайы іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар, сауалнамалар, оқыту бейнероликтерін көрсету және басқаларын) өткізуді ұйымдастыру;
3. Сенім пункттері арқылы халықтың осал топтары арасында алдын алу іс-шараларын (шприцтер ауыстыру, презервативтерді, буклеттер, парақшалар және басқадай түрде ақпараттық-білім беру материалдарын үлестіру) өткізу. Халықтың осал топтары: есірткіні инъекциялық тұтынушылар (ИЕТ, ЕЖЕ), секс қызметшілері (СҚ) және олардың клиенттері, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен басқа да контингенттер арасында АИТВ жұқтыруды абайлатудың әдістеріне оқыту жұмысын ұйымдастыру;
4. Анонимді және құпиялы түрде тегін негізде ЖЖБЖ-ны емдеу.
5.АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша арнайы оқыту әдебиеттерін (парақшалар, буклеттер, әдістеме құралдары, бейнеөнімдер және басқаларын) шығару және тарату;
6. Ведомстволық бағыныстағы (ІІМ, ҚМ және басқа) ұйымдардың, үкіметтік ұйымдардың қызметінде АИТВ-инфекциясы бойынша алдын алу іс-шараларын үйлестіру;
7.АИТВ-инфекциясының бастапқы алдын алу мәселелері бойынша бизнес-құрылымдардың қызметкерлерін, туристік фирмалар қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;
8. Халықтың осал топтары (ИЕТ, ЕЖЕ, СҚ, сотталған жастар) арасында іске асырылып жатқан алдын алу бағдарламаларын тоқсан сайын мониторингілеуді және тиімділігін бағалауды жүргізу;
9. «ЖИТС  РО» ММ жанындағы ГФСТМ бағдарламасын іске асыру, тоқсан сайын шығасылы материалдардың (жекелей қорғаныш құралдары ИОМ) ИЕТ, СҚ арасында зиянын төмендетуе құрауыштары бойынша есебін жасау;
10. Сенім пункттері мен облыстың пенитенциарлы мекемелерінен ай сайынғы есептерді жинау және талдау;
11.  Күн сайын сенім пункттері мен достық кабинеттерінен маршрут парақшаларын (ИЕТ, ЕЖЕ, СҚ) жинау және талдау;
12. Клиенттерді жеке есепке алу (ИЕТ, ЕЖЕ, СҚ) деректер базаларымен, МиО және «МЕDEO» бағдарламаларымен жұмыс;
13. Донорлық қанның, ұлпаның, органдардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
14. Ауруханаішілік және кәсіптік жұқтырудың алдын алу бойынша медицина ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
15. Медқызметкерлерді АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша оқыту;
16. Адамдар көп жиналатын жерлерде, телевизияда, ұйымдарда бейнероликтерді көрсету;
17. АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша билбордтар, кермелер, панно орнату;
18. Мектеп оқушылары арасында диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар өткізуді және ұйымдастыру.
Алдын алу жұмысы бөлімінің штаты:
- алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі – А.Ч. Кемазанова
- эпидемиолог дәрігерлер – Ж.Танатарова, Д.С.Нургалина, Ф.Омарова, Жайлиева Г.Н.
- педагог – Ы.Т. Қоджабергенова
- социолог-психолог – Ш.К.Таскентова
- эпидемиологтар көмекшілері –  А.Б.Отарғұлов, Г.Қ.Алдерменова
Достық кабинеті (ДК):
- дерматовенеролог-дәрігер – Д.Б.Чотбаева
- гинеколог-дәрігер – Ш.А.Қуанышева
- медбике – Г.Е. Рахманова
Сенім пункті, шприцтерді ауыстыру (СП):
- медбике – А.Ж.Жұмабекова
- медбике – М.К. Өтесінова
Жылжымалы сенім пункті (ЖСП):
-медбике – Ж.У.Сатова
-медбике - Г.А.Батыркулова
 
                                                            
 
 

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

14-02-2018

«АИТВ-инфекциясының іскерлік бизнеске әсері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті

«АИТВ-инфекциясының  іскерлік бизнеске  әсері»  деген  тақырыпта дөңгелек үстел өтті
 
ЖИТС Орталығының  базасында 2018 жылғы 13 ақпанда болған «АИТВ-инфекциясының  іскерлік бизнеске  әсері»  деген  тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға ақпан-наурыз айында өтетін, Бәсекеге  қабілеттілік индексі (БҚИ)  бойынша  басшылардың  АИТВ-инфекциясы  туралы  білім деңгейін  арттыру  және  сауалнама кезеңіне  дайындау үшін  БАҚ-ын  тарту   арқылы,  Маңғыстау  облысы денсаулық  сақтау  басқармасының, Қоғамдық денсаулық  сақтау  департаментінің,  Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлік  және  сауда  басқармасының басшылары, облыстың 22 орта және ірі бизнес-құрылымдарының басшылары шақырылды.
Семинар барысында «2017-2018 жылдары Жаһандық бәсекеге  қабілеттілік индексі» рейтингіндегі Қазақстанның жағдайы туралы,  сондай-ақ оны одан  ары қарай жақсарту  туралы  Облыстық ДБ  басшысының  орынбасары  К.Ә. Оралбаева  хабарлама жасады.
Бұдан  әрі дөңгелек үстелге қатысушыларға  ЖИТС ОО директорының  міндетін  атқарушы А. Бисен  "Маңғыстау  облысындағы  АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайы", сондай-ақ  таяудағы 5 жылда оның  алдын  алу  шараларының    «АИТВ-инфекциясының  бизнеске  әсеріне»  тигізетін  ықпалына  тоқталып  өтті.
Өткізілген  дөңгелек үстелдің  нәтижелері жергілікті Қазақстан – Ақтау телеарнасының  Жаңалықтар  бағдарламасына жазылып  көрсетілді.

  

  



 
Подробнее

02-02-2018

Басым бағыт — жемқорлықпен күрес


Басым бағыт — жемқорлықпен күрес
 
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған басқосу өтті.
«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» тақырыбын қамтыған жиналысты орталық директорының міндетін атқарушы Алмабек Бисен ашып, жүргізіп отырды. Ол Елбасы Жолдауының тоғызыншы бағытына тоқталып, басқосудың қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап айтты.
— Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталған тоғызыншы бағытында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретінін айтты, — деді Алмабек Қонарбайұлы. —«Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл айтылғандардың біздің әрқайсымызға тікелей қатысы бар.
Сондай-ақ А.Бисен орталық қызметкерлерінің адал жұмыстарын абыроймен жалғастырып, әлдекімдердің арбауына түсіп қалудан сақ болу керектігін тапсырды.
Мамандар Жолдауда көрсетілген нақты бағыттарды қолдайтындарын білдірді.


Валентина ҚОЗЫБАҚОВА





 
Подробнее

01-02-2018

АИТВ-инфекциясыз Қазақстан!

«АИТВ-инфекциясыз Қазақстан
АИТВ мынадай жағдайда:
- қорғалмаған жыныстық қатынас жасау кезінде;
- инъекциялық есірткі  тұтыну  кезінде;
- зарарсыздандырылмаған, оның  ішінде татуаж бен пирсингке  арналған құралдарды  пайдалану  кезінде;
 - АИТВ-жұқтырылған  анадан жүктілігі  кезінде  балаға беріледі. 
АИТВ мынадай жағдайда:
 - қол  алысқан, құшақтасқан  кезде, қоғамдық  көлікті  пайдаланған кезде;
- ауамен, тамақ арқылы, тұрмыстық қатынас жасауда, іш  киіммен;
-  бассейнде, ортақ әжетхананы, ваннаны пайдаланғанда;
- маса  мен  басқа да  қансорғыш насекомдардың  шағуы арқылы берілмейді. 
Қазақстанда  мемлекет  есебінен  мыналар  жүргізілуде:
- АИТВ-инфекциясының  бары-жоғына тестілеу;
- АИТВ-жұқтырылғандарды  емдеу.
АИТВ-мен  өмір  сүретін  адамдар қоғамның  толыққанды мүшелері  болып  табылады және  айналадағылар  үшін  қауіпті  емес !!!
Ірі, орта, және шағын бизнес  құрылымдарының барлық  басшыларына  арналған Инфографика мен Жадынама !!!!



 
Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2017

Выявлено граждан РК

27

Выявлено иностранцы

14

Мужчины


80.5 %

Женщины


19.5 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

09-02-2018

№ 3 Мақала "Хламидиоз және АИТВ-жұқпасы, жұғу жолдары, кликалық көрінісі, емі және алдын алу шаралары"

№ 3 Мақала "Хламидиоз және АИТВ-жұқпасы, жұғу жолдары, кликалық көрінісі, емі және алдын алу шаралары"

26-01-2018

№ 2 Мақала "АИТВ-жұқпасының адамның иммундық жүйеге әсері"

№ 2 Мақала "АИТВ-жұқпасының адамның иммундық жүйеге әсері"

18-01-2018

№ 1 Мақала "Маңғыстау облысында АИТВ-инфекциясы бойынша 2017 жылдағы эпидемиологилық жағдай"

№ 1 Мақала "Маңғыстау облысында АИТВ-инфекциясы бойынша 2017 жылдағы эпидемиологилық жағдай"

27-12-2017

МЭМС. Тақырыбы: "МӘМС 2018 жылы. Жүйеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу"

МЭМС. Тақырыбы: "МӘМС 2018 жылы. Жүйеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу"

15-12-2017

№ 40 Мақала "Қоғамның АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты таңба тағуы мен кемсітуі"

№ 40 Мақала "Қоғамның АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты таңба тағуы мен кемсітуі"

08-12-2017

№ 39 Мақала "АИТВ-ның және туберкулездің өтуі"

№ 39 Мақала "АИТВ-ның және туберкулездің өтуі"

ХОТИТЕ ПРОЙТИ АНКЕТИРОВАНИЕ?

      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
   
                  
         
АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

© eline.kz 2018