Диспансерлік бөлімі. Пациенттерді емдеу, консультция беру, диспансерлеу:

 

Диспансерлік бөлімінің меңгерушісі болып екінші санаттағы дәрігер-инфекционисі Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева істейді – ол сауатты, тез шешім қабылдайды, сөйтіп көмек көрсеткен пациенті уақытылы ерекшелік ем-домын алады, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешеді. 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылдан 2005 жылдар аралығында наркологиялық диспансерде стационарлы дәрігер болып істеді. Қазіргі кезде ЖИТС облыстық орталығы жанындағы диспансерлік бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Ұдайы өз білімін өзі көтерумен айналысады, конференцияларға, тренингтер мен сабақтарға қатысады. Жыл сайын «АИТВ жұқтырудың алдын алу және емдеу, АИТВ/ЖИТС анадан балаға берілуінің тік жолын болдырмау» деген тақырыптағы жалпы емдеудегі семинарлық сабақтарға қатысады. Қажет болуына қарай, қажетті мәселелерді шешеді, ЖИТС РО ЕПҰ меңгерушісімен және ЖҚ (жаһандық қордың) желісі бойынша ауруларды емдеу жөніндегі бас мамандарымен, АМДЖИ жанындағы инфекциялық аурулар кафедрасының мамандарымен кеңеседі, науқас ауруының күрделі жағдайларын талдап, емдеу тактикасын анықтайды.

Өкінішке қарай, жыл өткен сайын АИТВ-инфекциясымен ауыратындар саны көбеюде, пациенттердің бір бөлігінде сырқат ЖИТС сатысына ауысуда. Бұл медиктер тарапынан қосымша назар аударуды, пациентті емдеуге деген құлшыныстың ерекше дағдысын қалыптастыруды, емдеу схемасын таңдай білуін және қажетті дәрі-дәрмекті алуды, уақытылы жатқызып емдеуді тағайындауды және т.с. талап етеді. Бөлімнің ерекшелігін есепке ала отырып, сондай-ақ АИТВ жұқтырған және ЖИТС ауыратындарды диспансерлік қадағалануын сапалы есепке алынуын қамтамасыз ету үшін, психоәлеуметтік және тестіден кейінгі консультация беруді өткізу арқылы бөлімде: 1,0 штат бірлігінде дәрігер-инфекционист (оның ішінде бөлім меңгерушісі), 1,0 ставкада дәрігер терапев және 5,0 штат бірлігінде орта медицина қызметші бар. «АИТВ/ЖИТС бойынша анонимдік тестілеу және психоәлеуметтік консультация беру кабинеттерін ұйымдастыру туралы» ОДБ 31.01.2012 ж. № 24 бұйрығының негізінде, ПӘК (облыс аудандарын қоса алғанда психоәлеуметтік консультация беру) кабинеттері үшін дәрігерлердің 7,0 ставкасы бөлінді. Психоәлеуметтік консультация беру кабинеттерінің дәрігерлері, барлық хабарласқан клиенттерге тестіге дейінгі және одан кейінгі консультация беруді жүргізеді. ЖИТС орталығының жанында тәжірибелі медбике Сара Қойманқызы Ережепова істейді. Облыстың қалалары мен аудандарында ПӘК бар, онда халық арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша консультация беру өткізіледі. Жаңадан ауырып түскендердің барлығымен қызметкерлер тарапынан АИТВ жұқтырғандарға күтім жасау бойынша, серологиялық зерттеуге материал жинақтау бойынша нұсқама, техника қауіпсіздігі және ЖЕА (жанасудан кейінгі алдын алу) бойынша нұсқама өткізіледі.

Диспансерлік бөлімінің дәрігерлері АИТВ оң және күмәнді пациенттерді амбулаториялық қабылдауды, тестіден кейінгі консультация беруді, оларды қаралғанға дейінгі диагнозын верификациялауды, диспансерлеуді және емдеуді жүзеге асырады.

2006 жылдан бастап туберкулез, созылмалы гепатит С, герпетикалық ауру тәрізді ілеспелі сырқаттары бар аурулар саны ұдайы көбейе түсуде. Диспансерлік бөлімінің дәрігерлері, аурулар мен олардың туысқандарына қолдан келген көмегін көрсетеді, емдеуге деген құлшынысын қалыптастырады, бұл оңай емес міндеттер болып табылады, емдеу схемасын тағайындайды және түзетеді, қажетіне қарай, сырқаттың бейіні бойынша ЕПМ-не жатқызып емдеу туралы келіселді, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша басқа да ЕПМ-не консультация береді. Медицина мейірбикесі құрамында Лаззат Калидоллақызы Сандибаева істейді. Ол міндеттерінің орындалуына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады, жұмыс уақытының кестесін және қызметшінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды. Ол материалдық-жауапты адам болып табылады және дәрілік заттардың кірісі мен шығысын есепке алуды жүргізеді, компьютерлік бағдарламадағы жұмыс дағдыларын меңгерген. Пациенттерді жатқызып емдеу жүргізілуінің орындалуына, бұйрықпен белгіленген алгоритмге сәйкес тексеріп қарау еселігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізеді. Диспансерлік бөлімінің құрамында әлеуметтік қызметкер Ибагүл Юлдашқызы Мұхаммеджанова істейді, оның жоғары біліктілік мейірбикелік санаты және амбулаториялық-емханалық қызметте 40 жылдан астам жұмыс тәжрибесі бар, жыл сайын өзінің кәсіби деңгейін арттырады, сертификат алу арқылы АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері бойынша семинар-тренингтің және психоәлеуметтік консультация жұмысына қатысады. Ибагүл әлеуметтік бейімделмеген пациенттермен жұмыста диспансерлік бөлімінің мамандарына қолдау көрсетеді. Әсіресе бұл - үйде пациенттермен жұмысы кезіндегі дәрігер – терапевтке қатысты болуда.

Емшара кабинеті – өте жауапты жұмыс учаскесі, мұнда тиянақтылық, шеберлік, кәсіби біліктілік талап етіледі. Жыл сайын облыс бойынша кабинет арқылы 60-70 дейін адам өтеді. Мұнда АИТВ-ға, гепатитке, биохимияға зерттеу үшін қан жинау жүргізіледі. Емшаралық кабинетте екінші санаттағы мейірбике Венера Қожамқұлова жұмыс істейді.

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

08-11-2017

Ашық есік Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген акция!!!

                                       Ашық есік  Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген   акция 

          Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес Күніне  айлық қарсаңында  Ш. Есенов   атындағы Каспий  мемлекеттік технологиялар  және  инжиниринг  университетінің  базасында 2017 жылғы  7 қарашада «Ашық  есік  Күніне» «Өз денсаулығың-өз қолыңда» деген  тақырыпта  кең ауқымды   акция  өткізілді. Осы  акцияның  басты  мақсаты – бұл  инфекциялық  және  әлеуметтік  мәні  бар  аурулар  қаупінің  мінез-құлықтық факторларының   алдын  алу  мәселелері   жөнінде  жастарды   кеңінен хабардар  ету. Студенттер  мен  қызметкерлер № 2 АҚЕ  дәрігерлерінен,  гинекологтан, терівенерологтан, урологтан және  СӨСҚП ОО мамандарынан кеңестер  алды.
ЖИТС орталығының  мамандары  АИТВ-инфекциясы  және эпидемиологиялық  жағдай және  АИТВ-күйіне  тесті  алу  мүмкіндігі туралы  толық  ақпарат  алу  мүмкіндігін  жасады.
Акция  барысында  АИТВ-инфекциясына экспресс-тесті, артериялық қысымды  және  массаны  өлшеу аспаптары,  сондай-ақ   ақпараттық-ағарту материалдары  пайдаланылды.
ЖИТС орталығының  мамандарына  университеттің  37 студенті  мен  15  қызметкері  сұрақтармен жүгінді. Олар   АИТВ-ға экспресс-тестілеуден  өтті және  ақпараттық-білім беру  материалдарын  (АБМ) алды.
 
         
 
        


 
Подробнее

07-11-2017

ЖИТС Маңғыстау облыстық орталық мамандарымен Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы базасында ЖБҚ көрсеткіштерін жақсарту жөнінде семинар өткізілді

         
             Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Медицина  қызметкерлерін құқықтық қолдау» РҚҰ жәрдемдесу жөніндегі жобасы аясында,  Маңғыстау  облысының  Кәсіпкерлер  палатасы базасында  ірі және  орта бизнес басшылары  арасында  Елдердің жаһандық  бәсекеге қабілеттілік индексінің  көрсеткіштерін  жақсарту жөніндегі шаралары туралы семинар  өткізілді. ЖИТС облыстық орталығының маманы Д.Ж. Шадановамен «АИТВ-инфекциясының бизнесті жүргізуге әсері» және «Туберкулездің  бизнесті  жүргізуге  әсері»  деген  тақырыптағы  екі  өзекті  мәселе  қозғалды,  оған бизнес құрылымның 26 басшысы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының  өкілдері  қамтылды.
 
  



 
Подробнее

01-11-2017

ЖИТС Маңғыстау ОО –дағы "Н =Н" науқаны

        2017 жылдың 1 қарашасында ЖИТС Маңғыстау  облыстық  орталығының  мамандары арасында Шығыс Еуропа  мен Орталық Азия өңірінде бастау алған «Н=Н» («Анықталмайтын, яғни берілмейтін») «АРВ–терапиясын  қабылдайтын және оларда  вирусы  анықталмайтын  деңгейге  дейін  жойылатын  адамдардың инфекциясы басқа адамдарға берілмейді» деген тақырыптағы ақпараттық  науқанға сәйкес таныстыру жұмысы  өткізілді. ЖИТС Маңғыстау облыстық  орталығы осыған қосылды және тұрғын халықты да осыған қосылуға  шақырады. Оның негізгі  идеясы –  осыған барынша  адамдарды   көбірек  тарту   арқылы оларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (ВӨА) да өзінің  серіктесін жыныстық жолмен  жұқтырмай,  толыққанды әрі ұзақ  өмір  сүре  алатындығы  туралы ақпаратты жеткізу болып  табылады.
 
  
 
  


 
Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2016

Выявлено граждан РК

26

Выявлено иностранцы

6

Мужчины


69.2 %

Женщины


30.8 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

17-11-2017

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

15-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

10-11-2017

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

06-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

27-10-2017

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

20-10-2017

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

ХОТИТЕ ПРОЙТИ АНКЕТИРОВАНИЕ?

      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
   
                  
         
АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

© eline.kz 2017