ЖИТС Облыстық Орталығының директордың м.а:

 

                                                                                             

Директордың м.а. Бисен Алмабек Қонарбайұлы Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығында 2015 жылдың  қазан  айынан  бері  қызмет атқарады.  «Дәрігер-эпидемиолог» мамандығы  бар. 
Оның  міндеттеріне  мыналар  кіреді:
- кәсіпорынның  өзіне  бағынысты  құрылымдық  бөлімшелерінің  қызметіне  білікті  басшылық   етуді  қамтамасыз   етеді:
1. Жалпы нұсқаулар
2. Әкімшілік-шаруашылық бөлімі
3. Ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімі
4. Эпидемиологиялық бөлімі
5. Медициналық кеңес
6. Ішкі аудит қызметі.

Көп  жылғы  және   адал  еңбегі  үшін  облыс  Әкімінің, ҚР  Денсаулық  сақтау  министрінің  Құрмет грамоталарымен және  Алғыс  хаттарымен   көтермеленген. 2010  жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен наградталған.
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы 10 наурыздағы №38-ж/қ бұйрығымен директордың міндетін атқарушысы  болып тағайындалды.


Директордың ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары:

ЖИТС Облыстық орталығында директордың ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары дәрігер-эпидемиолог Ақнұр Ханайқызы Тасболатова болып табылады, ол 1997 жылдан бастап ЖИТС орталығында істейді. Ол қоғамдық денсаулық сақтау /ӘГ және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары санатқа ие. Облыста инфекциялық ауруларды азайту бойынша, оның ішінде АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде профилактикалық және эпидемияларға қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға және өткізуге тікелей қатысады. Жұмыстағы үздік қабілеті үшін бірнеше рет грамоталармен көтермеленді:
- 2001ж. – ҚР ДМ Алғыс хаты;
- 2003ж. – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісі;
- 2009ж. – Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасынан Құрмет грамотасы;
- 2010ж. – «Нұр Отан» ХДП –нан Құрмет грамотасы.
- 2015 ж. – Маңғыстау  облысы Әкімінің  Құрмет Грамотасымен, «Чуткое сердце» медалімен  наградталған.
Оның  міндеттеріне  мыналар  кіреді:
1. Емдеу  және диспансерлеу  бөлімі
2. Алдын  алу  жұмысы  бөлімі
3. Диагностикалық  зертхана
4. Ақпараттандыру  және АИТВ-жұқпасына компьютерлік қадағалау бөлімі
5. Ресурстық- оқу  орталығы
6. Дәрі-дәрмек формуляры.
-  АИТВ-жұқпасы  мен ЖИТС  диагностикалау   мен   емдеу  бойынша   іс-шараларды  ұйымдастыру  және  үйлестіру;
-  АИТВ  мен  ЖИТС  қауымдастырылған  аурулардың  зертханалық  диагностикасын өткізуді  ұйымдастыру;
-  АИТВ-ға  жүргізілген  зерттеулер мен   емдеу мониторингі;
-  АИТВ-жұқтырылғандарды диспансерлеу  және  медициналық  көмек   көрсету,  жанасқаннан  кейінгі  антиретровирусты   алдын  алуды  жүрзізу;
-  АИТВ-ға  зертханалық  зерттеулердің  сапасын  бақылау  жүйесін  ұйымдастыру;
-  АИТВ-жұқтырылғандар мен ЖИТС-пен науқастарды диспансерлеу  мен   емдеуді  жүргізу;
-  АИТВ-жұқтырылғандар мен ЖИТС-пен науқастарды антиретровирусты  препараттармен  қамтамасыз   ету;
-  АИТВ-жұқтырылған жүкті   әйелдерге жүктілігі,  босанған   кезінде  және  нәрестеге  вирусқа  қарсы   алдын  алу   ем-дом  жасауды   беру бойынша   кешенді   іс-шаралар  жүргізу;
-  АИТВ-жұқпасы  бар ересек   адамдар  мен  балаларды амбулаторлы  жағдайда екінші  қайтара, шартты патогенді (пневмоцисті өкпе қабынуы  мен токсоплазмоз)  ауруларды химиялық  алдын  алуды  және шартты патогенді (пневмоцисті өкпе қабынуын   емдеуді  қамтамасыз  ету;
-  халықтың  жанасқаннан  кейінгі антиретровирусты   алдын  алуға  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету;
-  психоәлеуметтік   консультация   мен  тестілеу (оның  ішінде   анонимді)  қызметінің  қолжетімділігін  бағалау.
 

Аға медбике:


ЖИТС Облыстық Орталығының аға медбикесі жоғары санатты медбике Тугельбибі Бегімсалқызы Өрбісініова болып табылады, ол Орталықта 2013 жылдан бері істейді. Барлық орташа қызметшілер оның бақылауында болады. Аға медбике орташа медицина қызметшілерінің жоғары тұрған ұйымдар мен ведомстволардың жаңа бұйрықтарымен, нұсқаулықтарымен, әдістемелік ұсынымдарымен таныстырады. Ол медициналық жабдықтар бойынша, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар бойынша материалдық жауапты адам болып табылады. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, спиртті, байлау материалдарын, залалсыздандыру құралдарын, қолғаптарды және т.б. жеткізілуін уақытылы қамтамасыз етеді. Күшті әсер ететін, улы және ерекше тапшы дәрі-дәрмектер мен материалдардың дұрыс есепке алынуы мен сақталуын, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі, қызметшілердің септигісіздігі мен септике қарсылығы ережелерінің сақталуын бақылайды. Материалдық құндылықтардың есепке алынуы мен кірісін уақытылы жүргізеді, орталықтағы залалсыздандыру режимінің сақталуына бақылау жүргізеді.
 

Кадр жөніндегі инспектор:


 

ЖИТС Облыстық Орталығының кадр жөніндегі инспекторы Мейрова Эльмира Талаповна болып табылады. Кәсіпорынды кадрлармен жасақтау бойынша жұмысты орындайды, кадрларды іріктеу, таңдау, орналастыру бойынша жұмсына қатысады. Еңбек бойынша келешекті және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады. Оқу орындарында алған кәсіптері мен мамандықтарына сәйкес, жас мамандар мен жас жұмысшыларды орналасуы мен жұмысқа тұруына, олардың тағылымдамадан өтуіне бақылауды жүзеге асырады, жаңадан қабылданған қызметкерлерді өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады. Еңбек тәртібінің жай-күйін, және ұйым қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртібінің орындауын, кадрлардың қозғалысын талдайды, кадрлар тұрақтамауын азайту және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, есептілікті жасайды.

 

Шаруашылық меңгерушісі:

                                                

Қазіргі кезде шаруашылық меңгерушісі Караев Силаган Турганбаевич  болып табылады.

Ол Орталықты барлық қажетті материалдармен (кеңсе құралдары мен шаруашылыққа пайдаланатын заттармен) жабдықтау жөніндегі жұмысқа басшылық етуді жүзеге асырады, түгендеу жүргізеді, оны қалпына келтіру және толықтыру арқылы, шаруашылық бұйымдарының сақталуын, сондай-ақ орын-жайлар мен іргелес аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

                                                                         

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

08-11-2017

Ашық есік Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген акция!!!

                                       Ашық есік  Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген   акция 

          Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес Күніне  айлық қарсаңында  Ш. Есенов   атындағы Каспий  мемлекеттік технологиялар  және  инжиниринг  университетінің  базасында 2017 жылғы  7 қарашада «Ашық  есік  Күніне» «Өз денсаулығың-өз қолыңда» деген  тақырыпта  кең ауқымды   акция  өткізілді. Осы  акцияның  басты  мақсаты – бұл  инфекциялық  және  әлеуметтік  мәні  бар  аурулар  қаупінің  мінез-құлықтық факторларының   алдын  алу  мәселелері   жөнінде  жастарды   кеңінен хабардар  ету. Студенттер  мен  қызметкерлер № 2 АҚЕ  дәрігерлерінен,  гинекологтан, терівенерологтан, урологтан және  СӨСҚП ОО мамандарынан кеңестер  алды.
ЖИТС орталығының  мамандары  АИТВ-инфекциясы  және эпидемиологиялық  жағдай және  АИТВ-күйіне  тесті  алу  мүмкіндігі туралы  толық  ақпарат  алу  мүмкіндігін  жасады.
Акция  барысында  АИТВ-инфекциясына экспресс-тесті, артериялық қысымды  және  массаны  өлшеу аспаптары,  сондай-ақ   ақпараттық-ағарту материалдары  пайдаланылды.
ЖИТС орталығының  мамандарына  университеттің  37 студенті  мен  15  қызметкері  сұрақтармен жүгінді. Олар   АИТВ-ға экспресс-тестілеуден  өтті және  ақпараттық-білім беру  материалдарын  (АБМ) алды.
 
         
 
        


 
Подробнее

07-11-2017

ЖИТС Маңғыстау облыстық орталық мамандарымен Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы базасында ЖБҚ көрсеткіштерін жақсарту жөнінде семинар өткізілді

         
             Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Медицина  қызметкерлерін құқықтық қолдау» РҚҰ жәрдемдесу жөніндегі жобасы аясында,  Маңғыстау  облысының  Кәсіпкерлер  палатасы базасында  ірі және  орта бизнес басшылары  арасында  Елдердің жаһандық  бәсекеге қабілеттілік индексінің  көрсеткіштерін  жақсарту жөніндегі шаралары туралы семинар  өткізілді. ЖИТС облыстық орталығының маманы Д.Ж. Шадановамен «АИТВ-инфекциясының бизнесті жүргізуге әсері» және «Туберкулездің  бизнесті  жүргізуге  әсері»  деген  тақырыптағы  екі  өзекті  мәселе  қозғалды,  оған бизнес құрылымның 26 басшысы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының  өкілдері  қамтылды.
 
  



 
Подробнее

01-11-2017

ЖИТС Маңғыстау ОО –дағы "Н =Н" науқаны

        2017 жылдың 1 қарашасында ЖИТС Маңғыстау  облыстық  орталығының  мамандары арасында Шығыс Еуропа  мен Орталық Азия өңірінде бастау алған «Н=Н» («Анықталмайтын, яғни берілмейтін») «АРВ–терапиясын  қабылдайтын және оларда  вирусы  анықталмайтын  деңгейге  дейін  жойылатын  адамдардың инфекциясы басқа адамдарға берілмейді» деген тақырыптағы ақпараттық  науқанға сәйкес таныстыру жұмысы  өткізілді. ЖИТС Маңғыстау облыстық  орталығы осыған қосылды және тұрғын халықты да осыған қосылуға  шақырады. Оның негізгі  идеясы –  осыған барынша  адамдарды   көбірек  тарту   арқылы оларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (ВӨА) да өзінің  серіктесін жыныстық жолмен  жұқтырмай,  толыққанды әрі ұзақ  өмір  сүре  алатындығы  туралы ақпаратты жеткізу болып  табылады.
 
  
 
  


 
Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2016

Выявлено граждан РК

26

Выявлено иностранцы

6

Мужчины


69.2 %

Женщины


30.8 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

17-11-2017

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

15-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

10-11-2017

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

06-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

27-10-2017

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

20-10-2017

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

ХОТИТЕ ПРОЙТИ АНКЕТИРОВАНИЕ?

      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
   
                  
         
АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

© eline.kz 2017