ЖИТС облыстық орталығының зертханасы мыналарды жүзеге асырады:

  • АИТВ-инфекциясына, А, В, С, Д вирусты гепатиттеріне скрингтік зерттеу, мерез қоздырушысына жинақталған дене қарсылығын анықтау, гарднерелға G және M класты дене қарсылығын анықтау, хламидияға G және А класты дене қарсылығын анықтау, уреаплазмаға G және М класты дене қарсылығын анықтау, трихомонадқа G және М класты дене қарсылығын анықтау, микоплазмаға G және М класты дене қарсылығын анықтау, қызамық вирусына Ig M/Ig G анықтау, қызамық вирусына Ig G авидті индексін анықтау, токсоплазмоз, цитомегаловирус, индикаторлық инфеккцияларын, кәдімгі ұшық вирусын зерттеу, сондай-ақ гармондарды (ТТГ, Т3 жалпы, Т3 еркін, Т4 еркін, Анти ТПО, Анти ТГ, АФП, ХГЧ) зерттеу; АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммундық мәртебесін анықтау.

  • Зертеулер сапасына ішкі зертханалық бақылау және зерттеулердің сапасын сыртқы бағалауға қатысады;

  • Облыс аумағында (қалаларда) АИТВ –инфекциясымен айналысатын зертханалардың сапасын сыртқы бағалау;

  • Аумақта АИТВ-инфекциясына шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың зертханалық кезеңі;

Иммунологиялық зертхана ЖИТС Орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол 1991 жылы ұйымдастырылған. « ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» МКҚК зертханасы – БИО-РАД модель IMark және PR-4100 моделі иммуноферментті анализаторда әр түрлі инфекциялар бойынша зерттеу шеңберін барған сайын кеңейте түсуде. Зертхананың негізгі мақсаты - адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ/ЖИТС) дене қарсылығын анықтау болып табылады. АИТВ-ға скринг барлық зерттеудің 70-75% құрайды. Барлық зерттеулердің қалғандарын: С гепатитінің вирусына дене қарсылығын анықтау, В гепатитінің маркерлерін анықтау, А гепатитінің вирусына дене қарсылығын анықтау, ЖИТС- индикаторлық зерттеулер (кәдімгі ұшықтың вирусы, цитомегаловирус, токсоплазмоз), жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (хламидия, гарднерелла, уреплазма, микоплазма, трихомонада, сифилис), гормондар (ТТГ, ФСГ, Т3,Т4, анти-ТГ, ХГЧ, АФП, анти –ТПО, пролактин, кортизол), қызамықтың вирусына G/M класты иммуноглобулинді анықтау. АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар үшін SISMEX-KX-21 автоматты гематологиялық анализаторында жалпы клиникалық талдама, автоматты биохимиялық анализаторда А-15, BioSystems және Facs Caint цитометр aғынының бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың имундық мәртебесін анықтау биохимиялық талдама тәрізді зерттеулер жүргізіледі.
Бүгінгі күнге, 2017 жылда АИТВ-ға оң нәтижесі бар 17 адам анықталды.  Анықталған барлық талдамалар Алматы қ. ЖИТС РО зертхана референсімен 100% асталып отыр.
Зертхана 2006 жылдан бастап, жыл сайын сапасын сыртқы бағалауға қатысады және Ауруларды Бақылау және Алдын алу жөніндегі Орталығынан сертификаты (СиДиСи/CDC), CDC-тен «Сапаны басқару жүйесіне енгізу» сертификаты бар.

Диагностикалық зертхананың жұмысы үшінші топтағы патогенді қоздырушымен эпидемияға қарсы жұмыс режимінің ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Негіздемесі мына құжаттар болып табылады:
1. Лицензия
2. Режимдік комиссияның рұқсаты.
3. Диагностикалық зертхана туралы Ереже.
Орталықтың клиникалық-диагностикалық зертханасы, бүгінгі күнге клиникалық, гематологиялық, биохимиялық зертеулерге арналағн жабдықтармен қамтамасыз етілген. ЖИТС Орталығы зертханасының дәрігерлері ЕПМ дәрігерлеріне, мейлінше ақпараттық тестілерді таңдауға консультациялық көмектеседі, облыстың диагностикалық зертханасымен орындалған ЖИТС зерттеулердің сапасын бақылау мен ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жүргізеді.
2005 жылдың қарашасынан бастап зертхана меңгерушісі бірінші санаттағы дәрігер Гүлзия Аскарқызы Сүйебаева болып табылады, ол зертханалық талдаманың уақытылы және сапалы қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, өзі де зерттеулердің бір бөлігін орындады. Стандарттық талаптарға сәйкес зертхананың жұмысын ұйымдастыруға үлес қосты. Атап айтқанда, зертхана үй-жайының – базасын ұйымдастыру кезінде, кадрларды даярлау кезінде, жабдықтарды пайдалану, зерттеулердің сапасын бақылау мен бағалау бойынша.
Фельдшер-зертханашылар зертханалық зерттеулерді уақытылы және сапалы жүргізеді, оларда өзара орнын алмастыру жүйесі бар, тәжірибелі қызметшілер жаңадан келгендерге әрқашанда көмектесуге дайын. Бірінші рет анықталған АИТВ жұқтырғандар ЭҚ ( электронды қадағалау) деректер базасында тіркеледі, одан әрі қарай зерттеулердің зертханалық барлық деректері науқастың жеке картасына енгізіледі. Жұмыс қызметінің талдамасы – зертханалық есептері ай сайын, тоқсан сайын, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық; ақпараты – анықтамалары медициналық құжаттама нысаны бойынша орындалады.

Зертхана ұжымы – бұл ұдайы жаңарып отыратын тірі организм. Зейнеткерлікке шыққан біздің ардагерлеріміз: ЖИТС орталығында 1988 жылдан 2002 жыл аралығында істеген, алғашқы зертхана меңгерушісі Ұ.К.Қуанованы; 1993 -2010 жылдар аралығында істеген, жоғары санатты фельдшер-зертханашы Б. Бисенбаеваны, дәрігер зертханашылар: 2-3 жыл жұмыс істеген Н.А. Коротья мен А.С. Филатов жас қызметшілер ауыстырды. Қазіргі кезде зертханада 1- санаты бар 2 дәрігер істейді, олар зерттеулері мен олардың влидациясын тамаша меңгерген. Жұмыстан тәжірибесі мол және жоғары біліктілік санаты бар 2- медтіркеуші, 5 фельдшер-зертханашы істейді.
2011 жылдың 18 желтоқсанынан бері зертхана бірінші қабат ауданының 90% алып отыр. Барлық орын-жайлар бөлінген және мақсатына қарай пайдаланылуда. Таза және залалды ағындар болмайды. Ұштар, пробиркалар тәрізді негізгі шығыс материалдары – бір жолғы.
Алдағы жылы АИТВ резистенттілігі мен дәріге төзіміділігін анықтауға арналған ПЦР бөлімін, диагностикалау үшін және ЛЖВ емдеуге арналған цитологиялық бөлімді ашу жоспарлануда.

        

   


      



 

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

08-11-2017

Ашық есік Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген акция!!!

                                       Ашық есік  Күніне Ш.Есенов атындағы КМТИУ-да өткізілген   акция 

          Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес Күніне  айлық қарсаңында  Ш. Есенов   атындағы Каспий  мемлекеттік технологиялар  және  инжиниринг  университетінің  базасында 2017 жылғы  7 қарашада «Ашық  есік  Күніне» «Өз денсаулығың-өз қолыңда» деген  тақырыпта  кең ауқымды   акция  өткізілді. Осы  акцияның  басты  мақсаты – бұл  инфекциялық  және  әлеуметтік  мәні  бар  аурулар  қаупінің  мінез-құлықтық факторларының   алдын  алу  мәселелері   жөнінде  жастарды   кеңінен хабардар  ету. Студенттер  мен  қызметкерлер № 2 АҚЕ  дәрігерлерінен,  гинекологтан, терівенерологтан, урологтан және  СӨСҚП ОО мамандарынан кеңестер  алды.
ЖИТС орталығының  мамандары  АИТВ-инфекциясы  және эпидемиологиялық  жағдай және  АИТВ-күйіне  тесті  алу  мүмкіндігі туралы  толық  ақпарат  алу  мүмкіндігін  жасады.
Акция  барысында  АИТВ-инфекциясына экспресс-тесті, артериялық қысымды  және  массаны  өлшеу аспаптары,  сондай-ақ   ақпараттық-ағарту материалдары  пайдаланылды.
ЖИТС орталығының  мамандарына  университеттің  37 студенті  мен  15  қызметкері  сұрақтармен жүгінді. Олар   АИТВ-ға экспресс-тестілеуден  өтті және  ақпараттық-білім беру  материалдарын  (АБМ) алды.
 
         
 
        


 
Подробнее

07-11-2017

ЖИТС Маңғыстау облыстық орталық мамандарымен Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы базасында ЖБҚ көрсеткіштерін жақсарту жөнінде семинар өткізілді

         
             Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Медицина  қызметкерлерін құқықтық қолдау» РҚҰ жәрдемдесу жөніндегі жобасы аясында,  Маңғыстау  облысының  Кәсіпкерлер  палатасы базасында  ірі және  орта бизнес басшылары  арасында  Елдердің жаһандық  бәсекеге қабілеттілік индексінің  көрсеткіштерін  жақсарту жөніндегі шаралары туралы семинар  өткізілді. ЖИТС облыстық орталығының маманы Д.Ж. Шадановамен «АИТВ-инфекциясының бизнесті жүргізуге әсері» және «Туберкулездің  бизнесті  жүргізуге  әсері»  деген  тақырыптағы  екі  өзекті  мәселе  қозғалды,  оған бизнес құрылымның 26 басшысы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының  өкілдері  қамтылды.
 
  



 
Подробнее

01-11-2017

ЖИТС Маңғыстау ОО –дағы "Н =Н" науқаны

        2017 жылдың 1 қарашасында ЖИТС Маңғыстау  облыстық  орталығының  мамандары арасында Шығыс Еуропа  мен Орталық Азия өңірінде бастау алған «Н=Н» («Анықталмайтын, яғни берілмейтін») «АРВ–терапиясын  қабылдайтын және оларда  вирусы  анықталмайтын  деңгейге  дейін  жойылатын  адамдардың инфекциясы басқа адамдарға берілмейді» деген тақырыптағы ақпараттық  науқанға сәйкес таныстыру жұмысы  өткізілді. ЖИТС Маңғыстау облыстық  орталығы осыған қосылды және тұрғын халықты да осыған қосылуға  шақырады. Оның негізгі  идеясы –  осыған барынша  адамдарды   көбірек  тарту   арқылы оларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (ВӨА) да өзінің  серіктесін жыныстық жолмен  жұқтырмай,  толыққанды әрі ұзақ  өмір  сүре  алатындығы  туралы ақпаратты жеткізу болып  табылады.
 
  
 
  


 
Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2016

Выявлено граждан РК

26

Выявлено иностранцы

6

Мужчины


69.2 %

Женщины


30.8 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

17-11-2017

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

№ 36 Мақала "Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні"

15-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС кезінде медициналық қызметтің сапасы қалай өзгереді?"

10-11-2017

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

№ 35 Мақала "АИТВ-оң әйелдердің жүктілігі және босануы"

06-11-2017

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

МӘМС. Тақырыбы: "МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету".

27-10-2017

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

№ 34 Мақала. "Балабақшада және мектепте АИТВ-жұқтырылған бала".

20-10-2017

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

№ 33 Мақала. "2017 жылдың 9 айындағы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай".

ХОТИТЕ ПРОЙТИ АНКЕТИРОВАНИЕ?

      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
      
   
                  
         
АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

© eline.kz 2017